Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қаржы және мемлекеттік сатып алу департаментінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы  бос лауазымына конкурс жариялайды;   

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары заңгерлік және (немесе) экономикалық білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін меңгеру.

Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, сондай-ақ Қоғамның осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

Негізгі міндеттері:

   1) жеткізушілерден және орындаушылардан, мердігерлерден тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

 2) мемлекеттік сатып алу бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелерді әзірлеуге және жасасуға қатысу;

 3) жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын, түсетін тауарлардың және материалдық ресурстар мен көрсетілетін қызметтердің басқа да түрлерінің саны мен сапасын бақылау;

 4) мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалуы туралы есептілік жасау;

 5) бюджетте ескертулер анықталған жағдайда, оларды бюджетке және тиісінше мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер, түзетулер енгізу мақсатында тиісті бөлімшелердің назарына жеткізу;

 6) сатып алынатын өнім, қызмет және жұмыс бағаларына мониторинг жүргізу;

7) өз қызметінде Қоғам Департаменті қызметінің қаржы-экономикалық бағыты бойынша мамандармен өзара іс-қимыл жасау;

8) шарттардың есебін жүргізу және сақтау;

9) іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;

    10) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 27.01.2023ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 31 қаңтарында сағат 16.00-де Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job