Ұлытау облысы бойынша оқу ісі жөніндегі топқа бас маман – 1 вакансия;
Архив
Қарағанды облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салалардағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл.
Бас маман білуі керек:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасы «Білім туралы»;
- «Қазақстан Республикасындағы Еңбек кодексі»;
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы».
- Бас маманның негізгі функциялары:
- еңбек шартымен, Қоғам мен Филиалдың ішкі актілерімен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді сапалы және уақытылы орындау;
- атқаратын лауазымы бойынша құзыреті шегінде Бөлім бастығының (Өкілдік басшысының) тапсырмаларын орындау;
- міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
- біліктілікті арттыру курстарының жоспарына сәйкес кафедралар жүргізетін оқу жұмысын талдауға қатысу;
- статистикалық есептерді дайындауға қатысу (Филиалдағы (Өкілдіктегі) оқу ісі жөнінде тоқсандық есеп);
- Филиалдың (Өкілдіктің), білім беру мәселелері жөніндегі облыстық (өңірлік) уәкілетті органның, жекелеген білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тапсырмаларын, өтінімдерін кейіннен тыңдаушылар санаттарына сәйкес кафедралар бойынша қайта бөле отырып тіркеу;
- нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау;
- білім беру бағдарламаларының, тыңдаушылар тізімдерінің, курстық даярлықты қабылдау мен аяқтауға бұйрықтардың, біліктілікті арттыру туралы құжаттардың (сертификаттар), оқу-тақырыптық жоспарлардың, курстық даярлық журналының, оқу сабақтарының кестелерінің ресімделуі мен ұсынылуын бақылау;
- қатаң есептегі құжаттардың бланкілерін (сертификаттарды) есепке алу және сақтау;
- Қоғамға (Филиалға) тоқсан сайынғы есепті ұсына отырып, оқу қызметі бойынша барлық ақпаратты жинау және өңдеу;
- тыңдаушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
- білім беру саласындағы уәкілетті органдармен (облыстық, қалалық, аудандық) және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу;
- барлық оқу құжаттамасын, оқу процесін регламенттейтін нормативтік құжаттарды автоматтандырылған дайындауды жүзеге асыру;
- сабақтарға қатысуды бақылау мен талдау;
- іс қағаздарын жүргізуге, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету;
- өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдау;
- Бөлім бастығы және Бөлімнің жетекші маманы (Топтың жетекші маманы) уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, еңбекке уақытша жарамсыздық және т.б.) олардың міндеттерін орындау;
- жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
- келтірілген залалды Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеу;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктері мен құзыреттері шеңберіндегі мәселелер бойынша жұмыс топтардың, комиссиялардың жұмысына, сондай-ақ кеңестерге қатысу;
- мүгедектіктің белгіленгені немесе еңбек міндеттерін жалғастыруға кедергі келтіретін денсаулық жағдайының өзге де нашарлауы туралы жұмыс берушіге хабарлау;
- адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлау;
- жұмыс берушінің талабы бойынша жұмыс берушінің актісінде көзделген жағдайларда, сондай-ақ басқа жұмысқа ауыстыру кезінде профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өту;
- жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғану құралдарын мүлтіксіз қолдану және мақсаты бойынша пайдалану;
- еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;
- Қоғамның еңбек тәртібін, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және қызметтік әдеп ережелерін, сондай-ақ жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария жөніндегі нормалардың, қағидалардың және нұсқаулықтардың талаптарын сақта;
- атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Өтініштерді қабылдау мерзімі: Хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қаралады.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш
2. Кадрларды есепке алудың жеке парағы;
3. 3*4 фотосурет (2 дана);
4. Жеке басын куәландыратын құжат;
5.Қажетті кәсіби білімін, еңбек өтілін және біліктілік тәжірибесін растайтын құжаттар;
6. Медициналық анықтама (Ф075);
7. Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
8. Туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан справка;
9. Наркологиялық ұйымнан справка;
10. Әскери тіркеуді растайтын құжат (болған жағдайда)
11.Сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы жоқ екендігі жөнінде анықтама.
Хабарландырудың жарияланған күні: 23.01.2023 ж.
Конкурс өтетін күн: 27.01.2023 ж.
Телефон: 8 (7212) 41-87-10