«Өрлеу» – Астана кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен 23 қаңтарда бірнеше тақырыпты қамтыған біліктілікті арттыру курстары ашылып, оқыту жұмыстары басталды.
Курстардың тақырыптық бағыттары:
Орта білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған: «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту».
Орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған: «Информатика пәнінің мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».
Қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогтері үшін: «Programme for International Student Assessment» (PISA) халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын арттырудағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының химия пәні мұғалімдеріне арналған: «Химия пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту».
Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының биология пәні мұғалімдеріне арналған: «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту».
Курстар барысында педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың даму деңгейлері мен ерекшеліктерін ескере отырып оларды бағалаудың технологиясы бойынша өзінің кәсіби қызметін жобалау жолдары, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану дағдылары қарастырылады.