Көркем әдебиетті оқытуда оқушылардың іздену-зерттеу дағдыларын дамытудың жаңашыл бағыттары

2022 жылдың 25 қараша күні Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы А.С.Сугурбаеваның ұйымдастырумен «Көркем әдебиетті оқытуда оқушылардың іздену-зерттеу дағдыларын дамытудың жаңашыл бағыттары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
Мақсаты: тіл мамандарымен қазіргі білім беру жүйесінің жаңашыл талаптарына сәйкес көркем әдебиетті оқытудағы өзекті мәселелерді талдап, оқушылардың көркем шығарманы іздену-зерттеу тұрғыдан оқу дағдыларын дамытуға негізделген тиімді әдістерін ұсыну, әдебиетті оқытуда жаңашыл бағыттар туралы ой бөлісу, өзара пікірлесу.
Дөңгелек үстел аясында тіл мамандары көркем әдебиетті тиімді оқытудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. №56 орта мектеп мұғалімдері А.Т.Тенелбаева, Е. С. Сарин, Р. Ж.Джамбаева, К. М.Утеуова, Г.У.Сулекеновалар көркем шығарманы оқытудың іздену-зерттеуге негізделген жаңашыл әдістерін оқуға үйрету және көркем мәтінді заманауи бағытта талдаудың тиімділігі туралы ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.
А.С.Сугурбаева іс-шараны қорытындылай келе, белсенділігі үшін қатысушыларға зор алғысын жеткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар