Мектепке дейінгі жаңартылған білім беру жүйесі

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы 1 тармақшасы ҚР Президентінің 2022 ж. 11 маусымдағы № 917 жарлығына сәйкес мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу стандартына өзгерістер енгізіліп, мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен білім берудің үлгілік бағдарламасы қайта құрастырылды.
Осы бағытта облыстық кәсіби біліктілікті арттыру «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтымен Ақтөбе гуманитарлық колледжі бірлесіп ұйымдастырған «Мектепке дейінгі жаңартылған білім беру жүйесі» тақырыбындағы семинар -практикум өтті.
Бұл семинар-практикумда қарастырылған мәселелер мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік бағдарламасының мазмұны және оны жүзеге асыру жолдары.
Мектепке дейінгі ұйым педагогтарына әдістемелік көмекпен өзара тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар болды. Семинар-практикумды ұйымдастырып, жүргізген Ақтөбе гуманитарлық колледж оқытушылар Шангалаева Рабига мен Алпамысова Толкын Акмырзаевна. Семинар практикумға облыс мектептері мен балабақша тәрбиешілері қатысты.
Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар үшін Ақтөбе гуманитарлық колледжінің педагогикалық ұжымына алғысымызды білдіреміз.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар