“Эстон мектебінің феномені” семинар-есебі

“Өрлеу” БАҰО ” АҚ Ақтөбе филиалының оқытушылары мен мамандары үшін “Болашақ” халықаралық бағдарламалар орталығының стипендиаты Лаззат Лайхатқызы Отарбаеваның тағылымдама қорытындысы бойынша “Эстон мектебінің феномені” семинар-есебі өткізілді.
Тағылымдаманың оқу модульдерінің негізгі мәселелері: Эстония мектептерінің мектеп автономиясы жүйесі, тілдік батыру әдістемесі, ашық ауада оқыту әдістемесі, мұражай педагогикасы және инклюзивті білім беру мәселелері қамтылды.
Эстондық білім беру жүйесін, Эстондық мұғалімдерді қолдау және ынталандыру шарттарын талдау ұсынылған. Қорытындысы бойынша рефлексия жүргізілді, сондай-ақ Л.Л. Отарбаева Ақтөбе облысының педагогтері үшін “Эстония тәжірибесі: “білім беру жүйесіндегі bottom-up тәсілі” тақырыбында бірқатар семинарлар өткізді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар