«Ақтөбе-Өрлеу» мен «Ақтөбе-Дарын» ынтымақтастығы арасында бірлескен жұмыстар жалғасын тауып келеді.
2022 жылдың 2 желтоқсанында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастырумен “Ахмет шырағы” атты облыстық драматургиялық қойылым байқауы өтті.
Байқауға институт аға оқытушысы Анаргүл Сағынбайқызы қазылық етті.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, ұлт ұстазының құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Байқауға облыстың 5-10 кл оқушыларының бейне-қойылым материалдары бойынша бағалау жүргізілді.
Әріптестерімізге ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!



