«Мерейтойлық кітаптар» атты әдеби кеш өтті

Бүгін, Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты кітапханасында «Балалар жылы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау, оқушыларды кітап оқуға тарту мақсатында педагогтарға, мектеп кітапханашыларына арналған «Мерейтойлық кітаптар» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке институттың оқытушылары, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері, кітапханашылар қатысты.
Шара барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері мерейтойы аталып жатқан шығармаларға шолу жасап, «Бұл қандай шығарма?», «Жалғасын тап» ойындарын ұйымдастырды. Студенттер Б. Майлиннің, І. Жансүгіровтың, І. Есенберлин, Х. Есенжановтың шығармалары бойынша үзінділер оқып, шығарма туралы өз ойларымен бөлісті.
Инстутут тренерлері С.Сүлейменова, Л. Ермекбаева, колледж кітапхана меңгерушісі Р. Ескарина қазақ әдебиетінің баға жетпес шығармаларының рухани мәдениетіміздің артуына, өскелең ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына бірден-бір құрал екендігіне тоқталып, кітап оқудың маңыздылығына тоқталды.
Әдеби кеште «Кітап мерейтойы-2022 » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне классикалық шығармалар «Абай жолы», «Ақ Жайық», «Қарағанды» романдары, «Шәкірт ойы», «Еңлік-Кебек» «Құлагер» поэмалары т.б. туындылар қойылды. Шара соңында кітапхана қызметкері Н. Ермекова шараны қорытындылап, қатысушыларға ризашылығын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар