Курстан кейінгі қолдау

2022 жылдың 19 желтоқсан күні курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында институт аға оқытушысы Жангүл Жұбаеваның ұйымдастыруымен №30 орта мектепте дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жұмыс барысында мұғалімдердің курстан кейінгі жұмыстары және бағдарламаны практика жүзінде енгізу сұрақтары көтеріліп, оқытудың маңызды міндеттерінің бірі оқушыларға дәлелдеуді үйрету кеңінен айтылды. Шара барысында №30 қазақ орта мектебінің тәжірибелі ұстазы, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері Алишева Лаззат Байкадамовна өзінің бойындағы білімін, жылдар бойы жинаған іс-тәжірибесін ортаға салып, жас мамандармен бөлісті.
Әртүрлі маңызды тақырыптар бойынша мәселелер көтеріліп, қатысушылар «Ашық микрофонда» өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және тәжірибелерін ортаға салды.
Мұғалімдерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, тыңдаушы мен тренер арасындағы байланысты нығайтады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар