2022 жылдың 20 желтоқсан күні курстан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында институт аға оқытушысы А.Б.Уразымбетованың ұйымдастыруымен №9 мектеп-гимназиясы базасында қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімдеріне “Ойдың құдіреті” тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренинг барысында мұғалімдерге қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеру, ойды өзгерту, ойды өзгерту арқылы өмірін өзгерту туралы ақпараттар берілді.
Мұғалімдерге курстан кейінгі әдістемелік қолдау көрсету және кеңес беру, тыңдаушы мен тренер арасындағы байланысты нығайтады.

- 20 Дек
- 2022