22 желтоқсан күні біліктілік арттыру курстарынан өткен мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында институт аға оқытушысы Жангүл Жұбаеваның ұйымдастыруымен №19 орта мектебінде “Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары” атты пікірлесу алаңы өтті.
Мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолданып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісе отырып біліктілік курстарынан алған теорияларды практика жүзінде қолдану тәсілдері бойынша өз ойларын білдірді.
Әдістемелік көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған пікірлесу алаңы барысында қойылған сұрақтарға тұшымды жауап алынды.







