«Мектепке кітап сыйла!» акциясы жалғасуда

Қазіргі қоғам өмірінде кітап оқуды нығайту, оқитын қоғам мүшесін тәрбиелеу әлеуметтік қажеттілік болып отыр. Біздің басты мақсатымыз – білімді ұрпақ тәрбиелеу. Рухани жан дүниеңді сергітер осы бір құнды құралдың бірі – кітапты сыйлаудан асқан тамаша сыйлық болар ма?
Бүгін, Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты «Мектепке кітап сыйла!» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Мақсаты – мектеп кітапханалары қорын заманауи басылымдармен толықтыру және азаматтарды мектеп кітапханаларының кітап қорын қалыптастыру мәселесіне жұмылдыру болды.
Акцияға педагогтер, қала тұрғындары көркем әдебиеттер мен тарих құндылықтарын дәріптейтін жинақтарды сыйға тартып үлкен қолдау көрсетті. Жиналған кітаптар Ақтөбе қаласындағы №74 жалпы білім беретін орта мектебіне сыйға берілді.
«Ақтөбе-Өрлеу» институты сыйға тартылған кітаптардың Рауан елді-мекені тұрғындарының рухани қажеттілігіне, мектеп кітапханасының кітап қорын толықтыруға зор көмегін тигізетініне, осындай жақсы істердің өз жалғасын табатынына сенім білдіреді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар