«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» атты І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

5 қаңтар күні «Халықаралық Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қорының»меморандумы аясында Ақтөбе қаласы, Д.Қонаев атындағы ЖББОМ ұйымдастыруымен өткен «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – ғасыр саңлағы» атты І Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты кафедраның бас әдіскері, магистр М.Т.Адилханова, аға оқытушы Г.Е.Абулхайрова қатысты.

Конференция жұмысының бағыттары бойынша секция отырыстарында «Д.А.Қонаев және қазақ ғылымы» (Д.Қонаевтың қазақ ғылымын дамытудағы еңбектері), «…Халқы үшін бәріне даяр шын ұлт перзенті…» (Д.Қонаевтың басқарушылық қызметі), «Мұхиттан өткен қайық» (Д.Қонаевтың тарихи тұлға ретінде зерттелуі), «Қара сөздің қаймағы» (Д.Қонаевтың нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні) мәселелері қарастырылды.

Іс-шара барысында мектептен Д.А.Қонаев атындағы кабинет ашылды, сондай-ақ қатысушыларға Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев мұражайының жылжымалы көрмесі тарихи экспонаттарымен мұражай басшысы Е.И.Кубашева таныстырды.

Конференцияға қатысушылар-ғалымдар, Қонаевтанушылар, зиялы қауым өкілдері, педагогтер – білім беру ұйымдарында Д.А.Қонаевтың ұлы тарихи тұлға ретінде есімін ұлықтау, Қазақстанды дамытудағы көп қырлы қызметі, ерен еңбегі т.б. жөнінде жобалық-зерттеу жұмыстарымен бөлісті, үздік баяндамалар конференция жинағына енгізілді.Конференция қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар