6 қаңтар күні, «Ақтөбе-Өрлеу» кәсіби даму институты жоспарына сай, «Үздіксіз кәсіби дамуда кластерлік басқару жүйесі: тәсіл және мүмкіндік» тақырыбында семинар-практикум өтілді.
Мақсаты –мектеп ішкілік әдістемелік қызметті басқарудағы кластерлік жүйе құрылымын талдау
Семинарда кластерлік жүйе ерекшеліктері, кластерлік жүйе құрастыру алгоритмі, кластерлік жүйе құрастыру және сараптау бағытында мәселелерге талдамалар жасалынды.
Тәжірибелік бөлімде қатысушы әдіскерлер мен бірлестік жетекшілері: кәсіби ынтымақтастық мектебі, тәлімгерлік шеберлік мектебі, озық тәжірибе мектебі, кәсіби шығармашылық мектебі және корпоративтік кәсіби өзін-өзі дамыту мектебі құрылымының кластерлік жүйелерін құрастыра отырып шағын жоба қорғады.
Семинарға қатысушылар тақырыптың өте өзекті және әдістемелік қызметті жүйелеудегі маңызы зор екендігін атап өте отырып, осы семинарды тұрақты өткізу жалғасын тапса деген ұсыныспен қорытындыланды.





