Қазіргі жағдайда арнайы пәндер оқытушыларының және ТжКБ өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық құзыреттілігі мен педагогикалық шеберлігін дамытудың маңызы зор.
“Өндірістік оқыту шеберлері мен ТжКБ арнайы пәндер оқытушыларының қызметін ұйымдастырушылық-педагогикалық қамтамасыз ету” -осы тақырыптағы семинар бүгін оқытушыларды Ақтөбе-Өрлеу онлайн платформасында біріктірді.
Кездесу аясында педагогтар өздерінің теориялық, практикалық деңгейлері мен кәсіби шеберліктерін арттыруға байланысты әдістемелік көмек алды.
Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің спикері Ж. Т. Қожаниязоваға, сондай-ақ онлайн кездесуге қатысушыларға алғыс айтамыз!

- 13 Янв
- 2023