Архив
"Өрлеу" орталық аппараты
Posted 2 года ago

            «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің

бас инженері бос лауазымына конкурс жариялайды;   

         Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары немесе орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім, жоғары білімі болса, ғимараттар мен үй жайларды пайдалану және қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе орта білімнен кейінгі білімі болса, ғимараттар мен үй-жайларды пайдалану және оларға қызмет көрсету бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл. Мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерін еркін білу.

        Білуі керек: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметті реттейтін нормативтік актілерді, ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін, үй-жайларды пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін; экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздерін; ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын дайындау және келісуді; Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруды, құрылыс нормаларын; үй-жайларды жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды, өндірістік санитария мәселелерін, жұмыс орнында жазатайым оқиғаларға және жұмыскерлер денсаулығының өзге де зақымдалуына тергеп-тексеру жүргізу тәртібін, еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдерін; еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды.

Негізгі міндеттері:

         1) техникалық құжаттаманың қажетті деңгейін, ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;

         2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеуді және өзектендіруді қамтамасыз ету;

         3) Қоғамның жұмыскерлері мен бөлімшелерінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормаларды, табиғат қорғау, санитариялық органдардың, сондай-ақ техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;

         4) техникалық құжаттаманың (сызбалар, ерекшеліктер, техникалық шарттар, технологиялық карталар) уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету;

         5) Қоғам филиалдарының ғимараттары мен үй-жайларын, ғимараттарға іргелес аумақтарды күтіп-ұстауға арналған сметалар мен шығыстарды жасауда көмек көрсету;

         6) Қоғамның ғимараттары мен үй-жайларын ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз ету жөніндегі функцияны жүзеге асыру;

         7) Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің ғимаратқа нормативтік орналастыру үшін алаңдардағы ағымдағы және перспективалық қажеттілігін зерделеу және анықтау және оларды қамтамасыз ету үшін өтінімдерді сұрату, жұмыскерлер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау;

        8) Қоғамның орталық аппаратының қызметтік үй-жайларын пайдалануды есепке алу және талдау жүргізу, оларды ұтымды пайдалану және құрылымдық бөлімшелер арасында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар енгізу;

       9) Қоғам филиалдарының техникалық қызметтерінің қызметін үйлестіруге қатысу, олардың жұмыс нәтижелерін, өндірістік тәртіптің жай-күйін бақылау;

      10) Қоғамда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау техникасын сақтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, қажетті нұсқамалар жүргізу;

      11) терроризмге қарсы, өртке қарсы қауіпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      12) өртке қарсы құралдардың болуын және жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен мүкәммалдың жай-күйін қадағалау және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз ету;

      13) Қоғамның мүлкін түгендеуге қатысу;

      14) жобалық шешімдердің тиімділігін, олардың техникалық пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      15) белгіленген есептілікті дайындау;

      16) атқаратын лауазымы бойынша өкілеттіктер мен құзыреттер шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындау.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– фотосуреті бар ақпараттық түйіндеме;

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– қажетті кәсіптік білімін, жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттар (білім туралы, біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже беру туралы құжаттардың көшірмелері, еңбек кітапшасының немесе талап етілетін біліктілік конкурсының шарттары бойынша еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері);

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 02.02.2023ж. дейін Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат, 25 кабинет мекен-жайы бойынша немесе kuzhat@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7172) 57-46-01, Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті.

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 6 ақпанында Астана қаласы, Достық көшесі 18, Москва БО, 22 қабат

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job