Архив
Қостанай облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптары: тиісті мамандық (журналистика немесе қоғаммен байланыс немесе филология немесе педагогика немесе аударма ісі немесе шет тілдері) бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе тиісті мамандық бойынша (филология немесе педагогика немесе аударма ісі немесе шет тілдері) орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, қоғаммен немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында сертификаттың болуы және жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өзге де басшылық және нормативтік құжаттарды; бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама негіздерін; қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстерін; ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері мен даму перспективаларын; әлеуметтану, психология негідерін; сапалық және сандық әлеуметтік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін; бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесін; жарнамалық хабарламалар, мақалалар, үндеулер, көпшілік алдында баяндамалар құрамы мен стилінің заңдылықтарын; статистикалық ақпаратты талдау әдістерін; іс жүргізу негіздерін; ұйымның жеке дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдарын; заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін; маркетинг негіздерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру тәртібін, оны қорғау және пайдалану тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Негізгі міндеттері:

  1. міндеттерді нәтижелі орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
  2. контентпен жұмыс жасау;
  3. Филиал мен Қоғамның сайтын мазмұнмен (контент) толықтыру;
  4. Филиал сайты мен Қоғам мазмұнының өзектілігін және онда орналастырылған ақпараттың анықтығын бақылау;
  5. Филиал мен Қоғам сайтының негізгі тұжырымдамасын қолдау, сайт мазмұны мен тұжырымдамасын пысықтау, сайтқа кірушілер үшін жаңа сервисті енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
  6. PR-жарнаманы, Филиал мен Қоғамның сайтын ілгерілету;
  7. SMM (әлеуметтік маркетинг) жүргізу;
  8. Филиал мен Қоғамның сайтын әлеуметтік желілерде ілгерілету;
  9. Филиалдың Қоғамның корпоративтік стилін пайдалануын бақылау және брендбукке сәйкестігін қамтамасыз ету;
  10. ілгерілету стратегиясын, БАҚ пен әлеуметтік желілерде нақты құрылымдалған жұмыс үшін жылдық медиа-жоспар және ай сайынғы мазмұн-жоспар әзірлеу, олардың орындалуын бақылау;
  11. әлеуметтік желілерде компания және (немесе) оның өнімдері туралы пікірлерді іздеу және кейіннен талдау;
  12. SERM (бедел маркетинг) жүргізу;
  13. баспасөз конференцияларын, брифингтер, «дөңгелек үстелдер» мен басшылықтың қатысуымен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ Филиалда да, Қоғамда да өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу;
  14. Филиалдың, Қоғамның және басшылардың қызметі туралы материалдар жасауда бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету;
  15. ақпараттық материалдарды (мақалаларды, мамандандырылған бағдарламалар мен басылымдарды) әзірлеу және шығаруға қатысу;
  16. басшының бұқаралық ақпарат құралдарындағы сұхбаттарын, тікелей эфирлерін, сөз сөйлеулерін дайындау;
  17. Филиал мен Қоғамның қызмет саласына қатысты іс-шаралар туралы баспасөз хабарламаларын және басқа да ақпараттық материалдарды уақытылы дайындау;
  18. өңір педагогтерімен тиімді жұмыс істеу үшін, мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің қатысуымен мазмұнды құру үшін мектептермен және білім беру мекемелерімен тығыз байланыста болу;
  19. педагогтерді курстан кейінгі қолдау жобаларын іске асыруға тікелей қатысу;
  20. Қазақстан Республикасы Ағарту министрлігінің және Қоғамның сұрауы бойынша Филиалдың имидждік жұмысы туралы толық ақпаратты жедел ұсыну;
  21. бейнематериалдарды, аңдатпаларды және басқа да бейне және фото материалдарды әзірлеу;
  22. іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың сақталуын және олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету.

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 29.03.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: ipk_kostanay@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 8(7142) 54-30-08, 54-18-83 (факс).

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылғы 30 наурыз, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы, Пролетарская көшесі, 86.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job