Ү.ж. 31 қаңтар күні «Шерхан шығармаларын оқыту және талдау» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Шерхан шығармаларындағы жаңашылдық пен сабақтастықтың зерттелуі, тәрбиелік мәні, ұлттық құндылықтары мен автордың тілдік қолданысын талдау және оқыту әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Панельдік дискуссия форматында өткен шараға Тараз қаласы, №57 орта мектебінің әкімшілігі мен ұстаздары белсенді қатысып, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушылар Шерхан шығармаларын зерттеудегі жаңашылдық пен сабақтастықты, шығармалардың тәрбиелік мәнін, ұлттық, рухани және материалдық құндылықтарын, автордың стильдік ерекшелігін талдау және шығармаларын оқыту аясында заманауи әдістемені тәжірибелерде қолданудың ерекшелігін көрсетті.

- 01 Фев
- 2023