2023 жылдың 17 қаңтар күні Ақтөбе қаласының әдістемелік кабинеті мен «Ақтөбе-Өрлеу» бірлесе отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Қазақтың ұлттық құндылықтарын ойын арқылы тиімді пайдалану» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар мақсаты: ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы балабақшаның рөлін көрсету, тыңдаушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру. Ақтөбе қаласының әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Г.У.Миндалина семинардың мақсат-міндеттермен таныстырып, модерация жүргізді. Семинар-практикумға қаламыздың №38«Әлем» балабақшаның педагогтері Баймұханова Қ.Е., Жумашева Ж.С., Усманова А.Н., Оразалина А.А., Скивко В.Н., Нұрекен Е.Б., Отарбаева Ж.О., Тажбаева Д.М. өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында балабақша меңгерушісі Спанова Т.В. рефлексия өткізіп, жұмысты қорытындылады.
Семинар мақсаттарына жетті, тыңдаушылар өз тәжірибелерінде қолдану үшін түрлі материалдар алды. «Ақтөбе-Өрлеу» қатысушыларға және әлеуметтік серіктестіктерге алғыс білдіреді!









