ТРИЗ-технологиясын қолдану арқылы білім алушылардың креативті ойлауын дамыту

2023 жылдың 18 қаңтарында жалпы білім беретін мектеп пен колледж педагогтеріне арналған «ТРИЗ-технологиясын қолдану арқылы білім алушылардың креативті ойлауын дамыту» тақырыбында онлайн форматта арнаулы семинар өтті.
Семинар мақсаты: білім алушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін және білім, білік, дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететін педагогикалық іс-әрекетттерді талдау.
Семинар барысында Ақтөбе гуманитарлық колледжі оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, педагог-шебер Ниетбаева Кабира Туремуратовна ТРИЗ-технологиясы және ашық тапсырмаларды қолданудың ерекшеліктері туралы өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Семинарға қатысушылар тарапынан болған сұрақтар талданды.
Барлық қатысушыларға және әлеуметтік серіктестіктерімізге алғыс білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар