2023 жылдың 19 қаңтарында жалпы білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Оқушылардың креативті ойлау қабілетін дамыту» тақырыбында online форматында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: білім беру барысында оқушыларға арналған тапсырмаларды креативті тұрғыда құру және жіберілетін қателіктерді болдырмау жолдарын қарастыру.
Шараға қатысқан білікті ұстаздар мен жас мамандар семинардан көптеген жаңалықтармен танысып, өзара пікір бөлісті. Семинар спикері, тренер Жанар Займолдинаға және барлық қатысушы ұстаздарға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!






