Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Оның өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында алатын орны ерекше.
Медиа-ақпараттық сауаттылықты ілгерілету барлық кітапханалар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда институтымыздың кітапхана қызметкері Нұргүл Ермекованың ұйымдастыруымен 18-19 қаңтар күндері «Мектеп кітапханаларында медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту жолдары» атты облыстық семинар өтті.
Аталған семинарда кітапханашылар мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесу жолдарын талдап, мәліметтер алды.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері медиа-ақпараттық сауаттылық туралы өз білімдерімен және “SauattyKeleşek” жобасын енгізу тәжірибесімен бөлісті. Виртуалды кеңістіктегі тәуекелдерді болдырмау құралы ретінде медиа-ақпараттық сауаттылық туралы белсенді пікірталастар өтті.
Семинарға облысымыздың орта білім беру және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кітапханашылары қатысты. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!







