Математикадан өңірлік педагогикалық олимпиада өтті

Білім беру жүйесі жыл сайын мұғалімдерге оқытудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін дамудың жаңа құралдарын ұсынады. Осындай құралдардың бірі-кәсіби байқаулар. Қазіргі жағдайда мұндай жарыстар өте өзекті.
Бүгін олимпиада форматында ұйымдастырлаған іс-шарада инсайт алу, шабыт алу және өзін-өзі дамытуға ұмтылу мақсатында облыс математиктері “Ақтөбе-Өрлеуде” жиналды. Республикалық олимпиаданы Қазақстан Республикасы Математика мұғалімдерінің Қазақстандық Қауымдастығы бастамашылық етті. Оған облыстың 100-ден астам педагогы қатысты. Бұл формат пәндік білімнің артында не жатқанын көрсетеді.
“Ақтөбе-Өрлеу” Республикалық математиктер қауымдастығымен бірлесіп математикалық олимпиадаларды өткізудің үздік дәстүрлерін жалғастырады.
Біз облыстық қауымдастықпен бірге математиктердің резервтік мүмкіндіктерін ашамыз деп үміттенеміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар