Жаңартылған бағдарлама оқушының ауызекі тілде қарым-қатынас жасауымен қатар, жазба тілін дамытуды көздейді. Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі — оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мәселесі.Осы мақсатта 23 қаңтар күні облыс педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында “Құрылымдық нұсқаулықтар арқылы жазылым жұмыстарын ұйымдастыру” тақырыбында семинар өткізілді. Аталған семинарда Атырау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Угыбаева Гулайым Алимовна, құрылымдық нұсқаулықтар арқылы оқушыларды жазылым құрылымын жүйелі түрде жазуға жетелеу, жазылымның барлық қадамдарымен жұмыс жасауды қамтамасыз етудің практикалық әдістерін көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің доценті, ф ғ.к. Амангазиева Мерует Кусаиновна білім алушылардың жазылымға алып келетін құрылымдық нұсқаулықтары мен оның түрлеріне тоқталды.Іс-шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, кәсіби салада табыс тіледі. Семинар спикерлері Гулайым Угыбаеваға және Мерует Амангазиеваға бірлескен жоспарды жүзеге асыруда белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіреміз! Барлық қатысушыларға – шығармашылық табыстар тілейміз!




