2023 жылдың 24 қаңтар күні Ақтөбе қаласының әдістемелік кабинеті және «Ақтөбе-Өрлеу» бірлесе отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған «Баланың тұлғалық дамытудағы балабақша мен отбасы сабақтастығы» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі, семинар модераторы Г.Миндалина баланың тұлғалық дамытудағы балабақша мен отбасы сабақтастығының алатың орнының және педагогтардың педагогикалық шеберлігін маңызды екенің атап өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде қаламыздың № 36 «Балақай» бөбекжай- балабақшасының педагог – тәрбиешілері Наргиз Сенгалиева, Жанна Шакенова, Гулбагдат Козбагарова, Баксулу Хамзина, Гульсум Кулькушева, Динара Умбетовалар өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында балабақша меңгерушісі Өтесінова Бану Хасанқызы сөз алды.
Семинарға қатысушылар баланың тұлғалық дамытудағы балабақша мен отбасы сабақтастығының жұмыс түрлерімен практика жүзінде көре отырып, өз білімдерің жетілдірді.
Барлық қатысушыларға белсендіктері үшін және әлеуметтік серіктесіміз Ақтөбе қаласының әдістемелік кабинетіне, соның ішінде басшысы Қосымбаева Меткуль Ораковнаға және әдіскері Миндалина Гульнара Урналыевнаға алғысымызды білдіреміз!







