Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары

2023 жылдың 27 қаңтары күні институт жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әдістемелік кабинетімен бірлескен «Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинардың мақсаты мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Облыстық семинар жұмысына «ӨРЛЕУ» БАҰО» кәсіби даму институтының аға оқытушысы, п.ғ.м. Күлайым Рахатова жетекшілік етті. Қарғалы ауданы тәрбиешілер Бақтыгреева Венера Куралбаевна, Татарчук Ирина Владимировна, Алдашева Ляззат Жангельдиевна осы тақырып аясында Қарғалы ауданының балабақшалары, мектепке дейінгі ұйымдағы пәндік-кеңістіктік даму ортасын трансформациялау, сондай-ақ педагогтың ойын қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметі жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында іс-шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға мазмұнды семинар үшін алғыстарын білдірді, бірқатар ұсыныстар қабылданды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар