Сабақ мақсатын нақты құрылымдау-нәтиже жетістігі

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институты жоспарына сай «Сабақ мақсатын нақты құрылымдау-нәтиже жетістігі» тақырыбында облыстық вебинар-практикум өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: педагогтердің сабақтың мақсаты, міндетін және мазмұнын айқындау дағдыларын дамыту.
Күтілетін нәтижеге сабақтың мақсаты мен міндеттерін сәйкестендіру тәжірибесін өзектендіру.
Вебинар модераторы Сарагүл Шаштыгарина сабақтың мақсаты мен міндеттерін, мазмұнының күтілетін нәтижеге сәйкестігін және SMART әдісімен сабақ мақсаттар мен тапсырмаларды (ақылды міндеттер) қалай дұрыс анықтау керектігіне тоқталды.
Аталған шараның тәжірибелік кезеінде А.Ә.Тоғымбаева / М.Құрманғалиева ат. №32Г/, Ж.Ф.Нурманова /№56 ЖОББМ/, Г.Ә. Максимова /Ойыл ауданы. Ш. Берсиев ат.ОМ/, М.Ж.Муканова/ Хромтау ауданы, №1 ОМ/, Р.А.Бегимкулова /Хромтау ауданы, №1ОМ/, Н.Ж.Сатыбалдина №56 ЖОББМ, Г.А.Кабибулла /Хромтау ауданы, №4 ОМ/, А.А.Мергенбаева /Ы.Мұхамеджанов ат. ЖББОМ/ мұғалімдері табысты сабақты жоспарлауда сабақ мақсатын айқындау қағидаттары, қойылатын талаптар туралы іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Іс-шараның рефлексия кезеңінде қатысушылар вебинар-практикум тақырыбының қазіргі таңда өзектілігін мәселе екендігін атап өтіп, «Ақтөбе-Өрлеу» ұжымына зор алғыстарын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар