Lesson Study – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық технологиясы

«Lesson Study – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытудың инновациялық технологиясы» тақырыбындағы облыстық оқыту семинары қаламыздың №70 орта мектебінде жалғасын тапты.
Аталған семинарға жетекшілік еткен Акмарал Изтлеуова, қатысушыларға зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл және оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенін атап көрсетті.
Мұғалім тәжірибе саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл-Lesson Study зерттеу сабағы жүргізілді.
«Сабақты зерттеу» тəсілінің көмегімен сабақты жоспарлауды жұмыс тобының мүшелері өздерінің тəжірибелерімен бөлісіп, оқудың тиімді тəсілдері, формалары жəне əдістерін қолдану бойынша идеялар ұсынды. №70 ЖББОМ ұжымына алғысымызды білдіреміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар