Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг: «Қарым-қатынас лабиринттері»

Жамбыл-«Өрлеу» оқытушылары мен қызметкерлері Тараз қаласының №18 орта мектебінде ата-аналарға арналған онкүндікке қатысып, «Қарым-қатынас лабиринттері» тренингі арқылы мектептің отбасымен тығыз ынтымақтастығын  арттыру бойынша әдістемелік көмек берді. Тренингте институт оқытушыларының жетекшілігімен ата-аналар мен оқушылар отбасы мен мектепті біріктіруге бағытталған түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындап, бейнебақылау әдістемесін қолданды. «Этюд. Менің анамның портреті» аясында оқушылардың шығармашылық жұмыстары арқылы отбасылық қатынастарды диагностикаласа, ата-аналар үшін «Ана болу оңай ма?» тақырыбында отбасылық дәстүрлерді талқылап, қорытынды жасады. Тренинг соңында барлық ата-аналар логопед пен психологтан кәсіби кеңес алып, іс-шара туралы бейнепікірлерімен бөлісті. Тренингтің басты мақсаты – педагогикалық ұжым мен бастауыш мектептің ата-аналар қауымдастығын  біріктіру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде өзара  ықпалдастығын арттыруға жағдай жасалды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар