«Өрлеу» Қостанай филиалына «KAZGUU SCHOOL» @kazguu.school.qst мектебінің бас және атқарушы директор өкілдері, ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою үшін ресми жұмыс сапарымен келді.
Біздің қонақтарымызға шағын экскурсия көрсетілді. Экскурсия барысында ЖжГПО кафедрасының бас әдіскері Роман Владимирович Худяков, біліктілікті арттыру курсының жаңа бағдарламаларымен таныстырды.
Ақтық кездесу «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша КДИ» филиал директоры атынан, Марионелла Васильевна Слесарь
@marionellaslesar және «KAZGUU SCHOOL» жауапкершілік шектеулі серіктестік (ЖШС) директоры атынан Надежда Михайловна Коробко арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою сәтімен аяқталды.
Алда, «KAZGUU SCHOOL» ЖШС-мен белсенді бірлескен жұмысымыздағы ынтымақтастығымыз табысты және жемісті болады деген сенімдеміз!

- 31 Янв
- 2023