03 ақпан 2023 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Астана қаласы бойынша кәсіби даму институтының бас әдіскері Абдикалова Т.А. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» ұйымдастырған «Шығармашыл педагог» қалалық байқауының сарапшысы ретінде марапаттау рәсіміне қатысты.
Колледж педагогтеріне арналған қалалық байқауға 30 педагог қатысып, әрқайсысы өзінің жаңа шығармашылық идеясын ұсынды. Қазіргі таңда педагогтің бойында шығармашылық қасиет пен жасампаздық болуы міндетті. Шығармашылық іс-әрекет – педагогке тек шәкірттерін дамытып қана қоймай, өзін-өзі дамытып, жетілдіруге мүмкіндік беретін ұстаз тұлғасының танымдық, эмоционалдық және мотивациялық құрамдас бөлігі.
Байқау қорытындысы бойынша педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті жаңа білім мен технологияларды қолданып жүрген, өзін-өзі дамытуға қабілетті үздік педагогтер анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге құнды сыйлықтар ұсынылып, қатысушылардың барлығына сертификаттар берілді.