Ақпараттық жүйелер және СММ тобының PR,SMM-маманы
Архив
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Тиісті мамандық (журналистика, қоғаммен байланыс немесе филология немесе педагогика немесе аударма ісі немесе шет тілдері) бойынша жоғары білім (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе тиісті мамандық бойынша (филология немесе педагогика немесе аударма ісі немесе шет тілдері) орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, қоғаммен немесе бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс саласында сертификаттың болуы және жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Білуі тиіс: ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңдарын, қоғаммен байланысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өзге де басшылық және нормативтік құжаттарды, бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама туралы заңнама негіздерін, қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық қағидаттардың халықаралық және ұлттық кодекстерін, ұйымның мамандануы, қызметінің ерекшеліктері мен даму перспективаларын, әлеументтану, психология негіздерін, сапалық және сандық әлеуметтік зерттеулер жүргізудің негізгі әдістерін, бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг жүргізу әдістемесін, жарнамалық хабарламалар, мақалалар, үндеулер, көпшілік алдында баяндамалар құрамы мен стилінің заңдылықтарын, статстикалық ақпараттарды талдау әдістерін, іс жүргізу негіздерін, ұйымның жеке дерекқорын қалыптастыру және пайдалану әдістері мен құралдарын, заманауи техникалық құралдар мен компьютерлік технологияларды қолдана отырып ақпаратты жинау және өңдеу әдістерін, маркетниг негіздерін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, қоғаммен байланыс саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты беру тәртібін, оны қорғау және пайдалану тәртібінің ережелерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздік ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
– түсті фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 15.02.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mandystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87012628616, 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 20 ақпанына сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.