Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасының Ғимарат бойынша кезекшісі
Архив
Маңғыстау облысы бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары және орта білімнен кейінгі (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім немесе жалпы орта білім.
Білуі тиіс: Өткізу режимі туралы нормативтік құжаттарды, объектілерді күзету жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігін, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Ұсынылатын құжаттар тізбесі
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
– Конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш;
– түсті фотосуреті бар түйіндеме;
– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;
шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;
– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;
Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 15.02.2023ж. дейін Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17 шағынаудан, 48 ғимарат мекен-жайы бойынша немесе e-mail: mandystauipk@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: 87012628616, 87754889370
Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:
2023 жылғы 20 ақпанына сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Ақтау қаласы, 17-шағынаудан, 48 ғимарат.
Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
Әкімшілік-кадрлық жұмыс басқармасына әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі менеджер қызметіне конкурс жариялайды
Архив
“Өрлеу” по Жамбылской области
Posted 3 года ago