Архив
Қызылорда бойынша "Өрлеу"
Posted 2 года ago

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» кафедра аға оқытушысының бос лауазымдарына қабылдау туралы хабарлайды.

Мамандандыруға қойылатын талаптар:

Пәндік бағыт:

– «Бастауыш білім беру»;

– «Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру»;

– «Көркем еңбек, бейнелеу өнері, технология»;

– «Алғашқы әскери техникалық дайындық»;

– «Қазақ тілі»;

– «Орыс тілі»;

– «Биология»

Қызметтер көрсету тілі: қазақ тілі;

Форматы: оффлайн.

Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушыларға қойылатын талаптар (төмендегі тармақтардың біреуіне сәйкес):

1) Жоғары педагогикалық білім немесе тиісті профильге сәйкес өзге де кәсіби білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы;

2) Жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім (магистратура) немесе тиісті профильге сәйкес өзге де кәсіби жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура) немесе тиісті профильге сәйкес ғылыми дәрежесінің (ғылым докторы немесе ғылым кандидаты) немесе тиісті профильге сәйкес PhD докторы дәрежесінің болуы, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл.

Білуге тиіс:  

Қазақстан Республикасының Конституциясын Қазақстан Республикасының Заңдарын: «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Ғылым туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және біліктілікті арттыру жүйесінің жұмыс істеуі мен даму мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді,  экономика негіздерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Кажетті кәсіби білім:

– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері;

– теориялық, қолданбалы, оның ішінде әдістемелік, пәндік саланың/қызметтің негіздері, заманауи педагогикалық технологиялар, ересектерді оқыту процесін бақылау және бағалау әдістері;

– пәндік педагогика негіздері; тыңдаушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және білім беру қағидаттары;

– білім беру бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері;

– оқу процесін ұйымдастыру қағидаттары, заңдылықтары, нысандары, әдістері мен тәсілдері бөлігіндегі жас психологиясының, педагогикасының, андрагогикасының негіздері;

– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздік негіздері, білім беру үдерісіндегі денсаулық сақтайтын ортаның компоненттері;

– білім беру процесін зерттеу тәсілдері, әдістері мен құралдары, өзіндік оқыту тәжірибесін рефлексиялау әдістері;

– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормалары;

– тыңдаушыларды оқыту мен бағалауды қолдау үшін цифрлық білім беру платформаларының құралдарын пайдалану бөлігіндегі құзыреттілік.

Кажетті кәсіби дағдылар мен біліктер:

– білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелерін сақтау және пайдалану;

– пәндік білімді қолдану және оны педагогикалық тиімді оқыту нысандарына айналдыру;

– заманауи педагогикалық технологияларды, белсенді әдістерді, оқыту нысандарын, ресурстары мен стратегияларын, ересектердің оқу процесін бақылау және бағалау әдістерін таңдау және тиімді қолдану;

– білім беру бағдарламасын жобалау дағдыларын меңгеру;

– инклюзивті орта құру және тыңдаушыларды тарту стратегияларын меңгерген, олардың жеке және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру процесін жоспарлау;

–  жас психологиясының, педагогиканың, андрагогиканың негізгі қағидаттары мен заңдылықтарына сәйкес оқу процесін ұйымдастырудың әртүрлі нысандарын, әдістері мен тәсілдерін қолдану;

– құқықтық, әлеуметтік-психологиялық қауіпсіздікті сақтау, білім беру процесінде денсаулық сақтайтын ортаны қалыптастыру;

– оқыту үдерісін жетілдіру бойынша өзекті зерттеулердің нәтижелерін зерттеу, рефлексиялайды және өзіндік оқыту тәжірибесіне зерттеу жүргізу;

– педагогикалық әдеп, зерттеу және академиялық адалдық нормаларын сақтау;

– тыңдаушыларды тарту, оларды бағалау және кері байланыс алу үшін оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану.

Болғаны жөн:

– кәсіби конкурстар мен олимпиадаларға, педагогикалық шеберлік конкурстарына, республикалық және облыстық форумдарға, семинарларға/вебинарларға, конференцияларға, мастер-кластарға және т.б. қатысу туралы растайтын құжаттардың болуы;

– зерттеулер негізінде бағдарламаларды зерттеу және әзірлеу жобаларына қатысу;

– авторлық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу, өз пәні бойынша ОӘК әзірлеу;

– кәсіптік қауымдастықтар мен білім беру қоғамдастықтарында оқыту жөніндегі іс-шараларға қатысу (оның ішінде желілік).

Ұсынылатын құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының «Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалына электрондық түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе төменде көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

– конкурстық комиссия төрағасының атына өтініш (сілтеме);

– түсті фотосуреті бар түйіндеме (сілтеме);

– Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;

– қандастар жергілікті атқарушы органдар берген қандас куәлігін ұсынады;

– шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) не босқын куәлігі;

– білімі туралы, біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен немесе нотариуспен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі). Кандидаттың жеке өзі құжаттардың түпнұсқасын ұсынған кезде, көшірмесін куәландыру талап етілмейді;

Конкурсқа келгеннен кейін жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.

Қажет болған жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат береді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 10.02.2023 ж. дейін Қазақстан Республикасы,  Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша немесе e-mail: KZO@orleu-edu.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады, анықтамалар телефоны: +7(7242) 27-76-51 (факс).

Сұхбат өткізу күні, уақыты және орны:

2023 жылдың 14 ақпаны, Қазақстан Республикасы,  Қызылорда қаласы Әйтеке би көшесі, 2 мекен-жайы бойынша.

Кандидаттың құжаттарды уақтылы немесе толық ұсынбауы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

Apply For This Job