Түркістан облысы Білім беруді дамыту орталығы ағымдағы жылдың 27 қаңтарында «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру: проблема және оны шешу жолдары» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курстарымен облыс педагогтерінің қамтылу жағдайына талдау жасалды. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған біліктілікті артыру курсымен педагогтерді қамту жөнінде тиісті мекемелердің қызметін үйлестіруде анықталған проблеманың шешу жолдары қарастырылды. «Өрлеу Шымкент» КДИ директорының инновациялық білім жөніндегі орынбасары, техника ғылымдары кандидаты, доцент Мұхтар Ахтаев өз сөзінде, педагогтердің біліктілігін және оқыту сапасын арттыру жаңа жолдары туралы, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретіндігіне тоқталып, ағымдағы жылы облыстық және аудандық әдістемелік кабинеттердің пән әдіскерлеріне арнайы дайындалған бағдарлама негізі бойынша курс ұйымдастыру жөнінде айтты. Дөңгелек үстелге Түркістан облысының әдістемелік кабинет меңгерушілері, біліктілікті арттыру курстарына жауапты мамандары қатысып өздерінің пікірлерімен алмасты.

- 27 Янв
- 2023