Колледж оқытушыларына коучинг-семинар өткізілді

Күрделілігі уақыт өткен сайын артып, өзгеріп және тез жетіліп келе жатқан метамодернистік әлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткілікті емес. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін жастардың қызығушылығын арттыру, оларға білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін меңгерту қажеттігі даусыз. 2023 жылдың ақпан айының 01 жұлдызында Shymkent jogary pedagogikalyq kolledji базасында «Инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқушы білімін арттыру» тақырыбында коучинг-семинар өткізілді. Мақсаты: Колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін арттыру және әдістемелік көмек беру. Коучинг-семинар барысында «Он басты сөз» кең көлемді акциясы арқылы анықталған оқытудағы кедергілер аясында «Тиімді оқытудың сегіз тәсіліне» басымдық берді. Нәтижесінде педагогтер белсенді оқу жаттығуларының көмегімен «Инновациялық әдіс-тәсілдердің тәжірибені өзгертудегі маңыздылығы неде?», «ХХІ ғасырда табысты болу үшін білім алушылар нені үйренуі керек?» немесе «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген басты сауалдарына қатысты ойға жауап алды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар