«Бастауыш сынып педагогтерін сүйемелдеу және келісім шарт негізінде жұмыс жасау әдістемелік диалог ұйымдастырылды 2023 жылдың ақпан айының 1-не Шымкент қаласы №77А. Асқаров атындағы мектеп-лицейдің базасында, лицейдің бастауыш сынып мұғалімдеріне «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Н.А.Азбердиева мен Р.А.Керимбекова «Бастауыш сынып педагогтерін сүйемелдеу және келісім шарт негізінде жұмыс жасау мақсатында «Lesson study сабақтарын жоспарлау» тақырыбында әдістемелік диалогтық алаңды өткізді. Мақсаты: келісім шарт негізінде сабақта 4К дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдерді анықтау және сабақ жоспарына енгізу. Аталған іс-шарада білім алушылардың креативті ойлауы, коммуникативтік қатынас, командада жұмыс жасау және мәселені көре білу дағдыларына бағытталған тәсілдер жүйесі құрылды. Lesson study бағытындағы сабақтардың жоспары жасақталды. Дайындалған материалдар бойынша іс барысында қиындықтар аясын шешу мақсатында қойылған сұрақтарға толық қанды жауаптар берілді. Қорыта айтқанда, білім сапасын арттыру үшін мақсат нақтыланып, сол мақсаттың аясында бірлесіп жасаған сабақ жоспарларын талқылап, сабақты өткізу барысында мұғалімнің іс-әрекетін емес, оқушыда қалыптасқан білімді бақылау, қажет жағдайда тәсілдерді өзгерту керектігін түсінді. Сонымен қатар, кәсіби даму институтының қызметкерлеріне қатысушылар алғысын білдірді. Институт қызметкерлері Н. Азбердиева, Р.Керимбекова

- 02 Фев
- 2023