Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 2023 жылдың 30 қантар мен 3 ақпан аралығында Астана қаласының №93 мектеп лицейінің базасында Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын, Үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысын ұйымдастырды. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының басшылығымен құрылған жұмыс тобының мүшесі ретінде «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Махфуза Мусаева, Шымкент қалалық әдістемелік кабинетінің әдіскері Нулифар Қорғанбаева, Шымкент қаласы №104 ЖОББМ мұғалімі Нигора Шамадиева мен Сайрам ауданы № 4 мектеп-лицейінің мұғалімі Нафосат Акрамовалар жұмыс жасады.Шығармашылық топ жұмыс барысында 2-11 сыныптарына арналған «Өзбек тілі мен әдебиеті» оқу пәндерінің Үлгілік оқу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында жұмыс атқарды.

- 07 Фев
- 2023