Қазақ және орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының математика мұғалімдеріне арналған «PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы педагогтердің біліктілігін арттыру курсы жалғасуда.
Курстың білім беру бағдарламасы PISA халықаралық зерттеуі аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Курс бағдарламасы бойынша тыңдаушылар білім беру сапасын арттыру ахуалында оқыту, дамыту және тәрбиелеу мазмұны мен әдістерін жетілдіруде. Педагогтердің IT-құзыреттілігін және цифрлық сауаттылығын дамыту мақсатында есептерді шешуде математикалық цифрлық құзіреттіліктерді келесі қосымшалар мен программаларды MathTyp, Fraction, Algebrator, Winmat, Wingeom, GeoGebra, Excel электрондық кестесі: Math Playground, EqWorld, Potehechas, Quick Brain және нақты өмірлік жағдаяттар мән-мәтінінде арнайы оқу тапсырмаларында жұмыс жасап, біліктілігін арттыруда.