«Балалар бастамасын дамыту құралы ретінде жоғары сапалы білім беру кеңістігі»

9 ақпанда Өрлеу-СҚО «Балдәурен» бөбекжай-бақшасымен бірлесіп Петропавл қаласының білім бөлімімен қол қойылған Әдістемелік жобаларды іске асыру туралы ереже шеңберінде «Балалар бастамасын дамыту құралы ретінде жоғары сапалы білім беру кеңістігі» атты облыстық семинар өткізілді.
Семинар «Сөйлейтін қабырғалар» әдістемесін балабақшаның заттық-кеңістіктік ортасына біріктіру тәжірибесін тарату мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараға Мамлют, Қызылжар, Есіл, Тимирязев аудандарының педагогтері қатысты. Сонымен қатар онлайн режимінде семинар РФ Омбы облысының №345 балабақшасының тәрбиешілері мен Шымкент қаласының «Жаңатай ана» балабақшасының педагогтері үшін көрсетілді.
Өрлеу-СҚО директоры Л. Альмагамбетова бұл жоба Реджио -педагогикамен, STEM-оқытумен сәтті ұштастырылғанын және М.Дарбаеваның жетекшілігімен «Балдәурен» балабақшасында іске асырылып жатқанын атап өтті.
Тәжірибелі педагогтердін осы әдістеменің нақты әдістері мен дидактикалық құралдарын көрсете отырып, ашық сабақтар сериясын өткізуі оның тиімділігін көрсетті.
Ұйымдастырылған әдістемелік экскурсия барысында оқушылар-кішкентай вундеркиндтер робототехника, шахмат, спорттық гимнастика, каратэ бойынша өз жетістіктерін көрсетті, ал қатысушылар ЕБҚ бар балаларға арналған арнайы жабдықтармен жаттығуға мүмкіндік алды.
Кері байланыс барысында семинарға қатысушылар жағымды әсерлерімен бөлісіп, осындай семинарларды өткізу қажеттігін атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар