Алматы қаласының №198 жалпы білім беретін мектебінде аудан мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті. Курстан кейінгі қолдау мақсатында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Гүлбала Кеніштайқызы шақырылды. Семинар мектептегі тарих апталығына орай «Елдігіңді ойласаң – тарихыңды таны!» тақырыбында өткізілді. Бұл семинарға Түрксіб ауданының тарихшылары, Қазақстан тарихы оқулығының авторлары, бағдарлама авторлары қатысты.
Институт тренері Гүлбала Кеніштайқызы «Оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен жұмысты қалай жоспарлаймыз?» тақырыбына коучинг өткізді. Коучинг мақсатына сәйкес тәжірибелік жұмыс жасалып, семинарға қатысушылар тарапынан жоғары қолдауға ие болды. Мектеп басшысы алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай игі шараларды бірге жоспарлауға шақырды.


