Тіл білімінің жаңа парадигмалары

2023 жылдың 10 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Ибраева Жанар Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ұйымдастырған «Тіл білімінің жаңа парадигмалары: теориялық және әдістемелік ізденістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция филолог ұстаздардың инновациялық, педагогикалық тәжірибелерін отандық, халықаралық жаңа мазмұнды білім беру ресурстары ретінде оқу үдерісінде жүзеге асыру бағыттарын қарастыру мақсатында өтті. Конференцияға еліміздің педагог-ғалымдары Ерназарова З.Ш., Күзекова З., Қоңырова А.Т., Пак Т.Н., Джанг Вонки, Елибаева Р.Д. қатысып, мазмұнды баяндамаларын жасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар