Студенттермен шебер сынып өткізілді

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында «Өрлеу Шымкент» филиалының директоры Лаура Искакова мен институт қызметкерлерімен бірлесе отырып Мирас универститетінің базасында студентермен кездесіп, «Тұлғаның азаматтық тәрбиесі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Тұлғаны азамматтық тәрбиесін қалыптастыруда патриоттық тәрбие бере отырып, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Дөңгелек үстелде университеттің «Көркем білім беру, графика және жобалау» факультетінің 3 курс студенті Роза Абубакирова баяндама жасады. Өз сөзінде жастардың азаматтық қасиеттерін тәрбиелеу – тәрбиенің маңызды мәселесі, тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы туралы айтты. Кафедра меңгерушісі Перизат Абашева, аға оқытушылар Бертай Төкеев, Зульфия Турсынбаева және Бәкіржан Айдарбек өз тәжірибесімен бөлісіп, шебер сынып өткізді. Шебер сыныпта топқа бөле отырып, тапсырмалар беріліп, студенттер өз ойларын жасаған жұмыстарымен қорғап шықты. Іс-шараға Мирас университетінің жаратылыстану, дене шынықтыру және дизайн факультеттерінің 1,2,3 курс студенттері белсене қатысты. Баяндама, шебер сынып, тренингтер сапалы өткізіліп, нәтижесінде струденттер атынан өте жағымды пікірлер, кері байланыс ретінде берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар