«Мұражай педагогикасы» әдістемесін жүзеге асырудың тиімділігін трансляциялау, мұражайдағы сабақты жоспарлау тәжірибесімен алмасу мақсатында ү.ж. 17 ақпанында «Музейлік педагогика әдістемесі бойынша эстондық білім беру философиясы» атты облыстық белсенді семинар өтт. Семинарға білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары, мұражай қызметкерлері, кітапхана қызметкерлері, әдіскерлер мен мұғалімдер қатысты. Эльмира Мирзалиеваның жетекшілігімен облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері мен Тараз қаласындағы И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының ұстаздарының бірлесіп атқарған жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Белсенді семинар аясында музейлік инклюзия әдістері көрсетілді, білімді функционалды қолдану, сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық сияқты дағдыларды дамытуға негіз болатын мұражай сабақтарының құрылысының нәтижелері көрсетілді. Оқушылар, ата-аналар, пән мұғалімдері және мұражай қызметкерлерінің кері байланысы оқуға, шығармашылық қабілеттерін ашуға қызығушылық танытты. Семинар соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын айтып, ұсынылған инновациялық әдістемеге ризашылықтарын білдірді.

- 17 Фев
- 2023