2023 жылдың 16 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Тайтанова Нұржамал №57 бөбекжайдың педагогтеріне «Мектепке дейінгі ұйым педагогтарының Soft Skills дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында мұғалімдердің икемді біліктілігін арттыруда кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері қарастырылды. Мектепке дейінгі білім беру сапасы, педагогтардың уәждемесінің тиімділігі мәселелері талқыланып, еңбекке қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыру мүмкіндіктеріне баса назар аударылды.
Қорытындылай келе, әріптестер икемді дағдыларды дамыту қажеттігі туралы сөз айтып, өз тәжірибесінде қандай жаңа форматтарды қолдануға болатынын талқылады. Мобильді қосымшалар арқылы рефлексия мен кері байланыс семинардың жоғары сапалы және практикалық маңыздылығын көрсетті.





