Бүгін «Өрлеу» – СҚО базасында «Х-фактор лидерства» vision-презентациясы өтті, оның аясында «Непрерывное профессиональное развитие учителей сельских школ для уменьшения образовательного неравенства» монографиясы ұсынылды.
Бұл М.Қозыбаев атындағы СҚУ және «Өрлеу»-СҚО педагогтары: профессор, педагогика ғылымдарының докторы Алма Мурзалинова, педагогика ғылымдарының кандидаты Лейла Альмагамбетова, PhD докторы Назым Уәлиеваның 3 жылдық бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі.
Монография беттерінде авторлар мұғалімнің үздіксіз кәсіби дамуының мәні мен процестерін, ресми, бейресми және ақпараттық білім беру ресурстарын ашады.
А. Мурзалинова «Обучение и преподавание для образовательного лидерства» сауалнамасының нәтижелерін ұсынды, негізгі мәселелер анықталды және жергілікті жерлерде мұғалімдер осындай зерттеулер жүргізу үшін ұсыныстар берді.
Сұхбат барысында авторлар мектеп директорлары, орынбасарлары, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, әдістемелік орталық, магистранттар мен студенттер үшін үздіксіз кәсіби дамудың маңыздылығы туралы пікір алмасты және зерттеудің келесі жоспарларымен бөлісті.