«Цифрлық аутизм» тақырыбында тәжірибелік – зерттеу  сабағы өтті

22 ақпанда  Астана қаласы № 71 мектеп-лицейінің «Жаһандық құзіреттілік»  факультатив пәнінің оқытушысы А.С. Сүлейменова курстан кейінгі алған білімдерін қолдана отырып  9- 11 сынып оқушыларымен «Цифрлық аутизм» тақырыбында тәжірибелік – зерттеу  сабағын өткізді. Оқушылар зерттеу сабағына тыңғылықты дайындалған. Цифрлық аутизм қалай пайда болады, қалай дамиды және оның дамуы немен байланысты екенін анықтау үшін түрлі зерттеу жұмыстарын жасаған. Ата-аналардан және балалардан осы тақырыпқа сұқбат алып, дерттен айығу жолдарын қарастырған. Курстан кейінгі сүйемелдеу барысында кәсіби қиындықтарды анықтау арқылы білім беру ұйымдарының педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету жұмысы нәтижесін бергенін педагогтердің тәжірибелерімен бөліскендігінен байқасақ болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар