“Facilitated Action Research”(FAR- жеңілдетілген іс-әрекеттегі зерттеу)  тақырыбында  семинар өтті

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында №45 “Самұрық”, №47 “Ақ желкен”, №66 “Толағай”, №71 “Мөлдір” балабақшаларының педагогтерін курстан кейінгі сүйемелдеу жоспарын іске асыру шеңберінде «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтында  “Facilitated Action Research”(FAR- жеңілдетілген іс-әрекеттегі зерттеу)  тақырыбында  семинар ұйымдастырылды.

Мектепке  дейінгі білім беру ұйымы педагогтерін  қолдау және көмек көрсету үшін зерттеу белсенділігін дамыту нысаны негізінде ұйымдастырылып өткізілді.

 Семинар барысында  кафедра меңгерушісі –  Хабат Мадениет мектепке дейінгі білім беру ұйымдары үшін Facilitated Action Research (FAR- жеңілдетілген іс-әрекеттегі зерттеу) маңыздылығын ашып, қызметті зерттеудің әдіснамалық негізін және оны өткізу кезеңдерін ұйымдастыру мәселесі егжей-тегжейлі зерделенді. Нәтижесінде практикада жүзеге асыру и үшін балабақшаларға ұсыныс жасалды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар