Түркістан облысының Арыс қаласындағы №11 Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ тірек мектеп базасында Түркістан облысының өкілдігінің қызметкерлері «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту немесе «Табысқа жету жолы» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Педагогтерге курстан кейінгі қолдауды ұйымдастыру және жүргізу мақсатында өткізілген іс-шараға облыстағы мектептерден пән мұғалімдері қатысты. Біліктілік арттыру курсынан өткен педагогтердің кәсіби қызметіндегі өзгерістеріне қорытынды мониторингілеу және талдау жасалды. Оқыту мен оқу процестерін табысты жоспарлаудағы педагогтердің жеке дамуы коучинг пен ашық сабақтардан көрінді. Коучинг барысында Улмекен Жакупова, Гулбахыт Ералиева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқу мақсаттарына бағытталған «Tarsia», «Геймификация», Кластер, «Венн» диаграммасын, «Идеал» стратегияларын сабақта қолданудың тиімділіктерімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері Ғазиза Әлібек пен Ботагөз Асетова «Пазл», «Қимылды жаңылтпаш» әдістерін көрсетіп, «Guizizz» оналайн платформасымен, «Аквариумдағы балық» әдісітерін қолданды. Облыстық семинарға қатысушылар 4- сыныпта өткен “Цифрлық сауаттылық-заман талабы” тақырыбындағы сайыс сабақты жоғары бағалады. Осы сабақта оқушылар робототехника бойынша алған білімдерімен бөлісті. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ» филиал директорының орынбасары, т.ғ.к. Мұхтар Ахтаев коучинг пен ашық сабақтарға қатысып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ курстарынан өткен педагогтердің кәсіби қызметтеріндегі жеке дамуы мен өзгерістеріне оң баға берді. Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтер алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын практикада табысты қолданған әріптестерге алғыс білдіріп, терең теориялық білімдері мен кәсіби шеберліктерін көрсеткені үшін коучинг пен ашық сабақтар өткізген педагогтерді марапаттады.

- 21 Фев
- 2023