2023 жылдың 16 ақпанында Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Байболова Гүлжанат Алматы қаласы №175 «Жаңа ғасыр» мектеп гимназиясында “Білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді жолдары” тақырыбындағы семинарға қатысты.
Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Қазіргі білім беру тұжырымдамасының талабында мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы жаңа болмыстық мазмұнда өзгеріп, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыттаушы, оқушы – ізденуші, белсенді болуы керек.
Семинар соңында, қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, «…оқытудың жаңа технологиясын игеру үшін педагог үздіксіз теориялық және әдістемелік білімін жетілдіріп, тиімді бағдарлама, сапалы күнтізбе жоспарын жасап, құнды сабақ өткізіп, үлкен нәтижеге қол жеткізеді» деген қорытындыға келді.
